РУС

Науқастарға арналған ақпарат

Нормативтік құжаттар

Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі

Ашу

Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы

Ашу

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы

Ашу

Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Ашу

ҚР азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Ашу

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және азаматтарды АМСК ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы

Ашу

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесін бекіту туралы

Ашу

ДБ бұйрығы №40, 07.02.14ж.

Ашу

Мемлекеттік қызметтерді халыққа көрсетудің қолжетімділігін арттыру және сапасын жақсарту туралы

Ашу

Сұрақ-жауап

МӘМС енгізілгенде мен, ел азаматы ретінде не аламын?

Біріншіден, ҚР аумағында жеке таңдаған кез келген клиникадан медициналық көмек. Бұл жағдайда клиниканың шығындарын Қор толық жабады; Екіншіден, ТМККК және МӘМС пакеттері аясындағы мед. көмек үшін қосымша төлемдердің барлық түрлерінен босатыласыз; Үшіншіден, елдің кез келген дәріханасында (Қорда фарм. қызметтер жеткізушісі ретінде тіркелген) сізге ұсынылатын дәрілік заттардың кеңейтілген және құрамы жақсартылған тізіміне толық қол жеткізу; Төртіншіден, МӘМС қорына сіздің пайдаңызға аударылған жарналар және мед. ұйымдарда алған қызметтер туралы ай сайынғы ақпарат алу мүмкіндігі; Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсету немесе МӘМС қатысушысы ретіндегі құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қордың сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғауы.

Мен үш баланың анасымын, ажырасқанмын, ресми жұмыс істемеймін, алимент алмаймын. МӘМС-пен қалай болуым керек?

Сіздің үш балаңыз үшін мемлекет аударымдар жасайды. Егер балаларыңыз 3 жасқа толмаса және сіз декреттік демалыста болсаңыз, сіз үшін де мемлекет төлейді. Сіз, ана ретінде, заңды жұмысқа орналасу мәселесімен айналысуыңыз керек және жұмысшы ретінде төлеуіңіз керек, немесе жұмыспен қамту органына жүгінуіңіз керек, онда сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу нұсқалары ұсынылады. Егер ұсынылған нұсқалар сізге сай келмесе, жұмыссыз мәртебесін аласыз, бұл жағдайда мемлекет белгілі бір уақыт ішінде сіздің МӘМС қорына жарналарды төлеу міндеттемесін өзіне алады. Басқа жағдайда сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жарияланған табысыңыздан немесе табыс болмаған жағдайда ең төменгі жалақының 2% мөлшерінде Медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасай аласыз.

Сақтандырылған азаматтарға ҚР-ның бүкіл аумағында медициналық қызметтер көрсетіле ме?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттері шеңберіндегі медициналық қызметтер сақтандырылған азаматтың орналасқан жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетіледі.

Науқастарды қолдау қызметі

Біз науқастарымызға көмектесуге әрқашан дайынбыз: